Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «Сарыарқа» ауданы прокурорының міндетін атқарушымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жолдасбек Жүсіп инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Кәсіпкерлер мен инвесторлар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер мен әкімшілік кедергілерді ортаға салды. Өз кезегінде мемлекеттік органдар мен прокуратура өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер беріп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынды.

 Барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Әрбір өтініш бойынша нақты шешімдер әзірлеу және анықталған әкімшілік кедергілерді жою мақсатында тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

 

https://www.instagram.com/p/DZ9JsNSIP2_/?hl=ru