Астанада әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне енгізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне енгізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Елорда әлеуметтік кәсіпкерлер саны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің бірі болып саналады. Бүгінде Қазақстанда 1 577 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген болса, соның 241-і Астанада жұмыс істейді. Бұл еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлердің жалпы санының 15,3 пайызы.

Бүгін Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне енгізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның барысында ағымдағы жылдың 1–15 маусымы аралығында өткен кезекті құжат қабылдау кезеңінде келіп түскен кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері қаралды.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына барлығы 35 өтінім келіп түскен.

Өтініш берушілердің басым бөлігі әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын төртінші санатына жатады. Олардың қатарында білім беру, қосымша білім беру, спорт, денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтін ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер бар.

Еске саламыз, Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіміне енгізуге арналған құжаттарды қабылдау әр тоқсан сайын жүргізіледі. Өтінім беру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсыну қажет. Қажетті құжаттар тізімін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ресми сайтынан алуға болады.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін жұмыс күндері мына мекен-жайға жүгінуге болады:

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 113-кабинет.

Анықтама телефондары:

+7 (7172) 550-181,

+7 (7172) 556-921,

+7 (7172) 556-903,

+7 (7172) 556-910.