
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт — мейірім мен ізгіліктің, қайырымдылық пен бауырмалдықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі. Бұл күн адамдарды жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және қоғамда өзара құрмет пен келісімді нығайтуға үндейді.
Осы қасиетті мереке әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, денсаулық пен мол ырыс әкелсін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрбан айт қабыл болсын!