
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Латвия Республикасының делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамына порттық инфрақұрылым, логистика және инвестициялық компаниялардың өкілдері кірді.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, логистикалық бағыттарды дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды қарастырды.
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Канат Алин Палата қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, бизнесті қолдау және қорғау тетіктері туралы ақпарат берді.
Тараптар тікелей іскерлік байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
https://www.instagram.com/p/DYzXlfyIxkE/?hl=ru