Астанада SABIS халықаралық мектебі жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Астанада SABIS халықаралық мектебі жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Астана даму орталығы, Emirates Kazakhstan Education Investment Group компаниясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы БАӘ Елшілігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында SABIS халықаралық мектебінің инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Жобаның бірінші кезеңін ашу 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Тараптар жобаны іске асыру барысын, үйлестіру мәселелерін және нысанды пайдалануға беру бойынша дайындықтың келесі кезеңдерін қарастырды.