Астанада ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті

Астанада ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті

Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Акимжанов, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы басқарма төрағасы Артём Квашук, «СПК «Astana» АҚ басқарма төрағасы Бауржан Баймұқаш, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) балаларды қорғау бағдарламаларының жетекшісі Айсулу Бекмұса, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина, ұлттық консультант, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасындағы әріптестік жөніндегі кеңесші Айжан Құрманғалиева және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) балаларды қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Азамат Жаманчинов қатысты.

Халел Акимжанов қаланың тұрақты дамуына және өскелең ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Айсулу Бекмұса балалар құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен жұмыстың және әлеуметтік бағдарламаларды дамытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын атап өтті.

Келіссөздер барысында білім беру және балалардың ерте дамуы, балаларды қорғау бағдарламаларын іске асыру.