
«Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау саласын емес, өміріміздің барлық бағытын, оның ішінде туризмді де қамтиды. Саяхатшының өз құқықтарын білуі және міндеттерін сезінуі – жайлы әрі қауіпсіз демалыстың басты шарты. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңында осы мәселелер қарастырылған.
Заң бойынша саяхатқа әзірленген немесе саяхат жасап жүрген әрбір турист мынадай мүмкіндіктерге ие:
«Заң мен тәртіп» қағидаты туристке тек еркіндік беріп қана қоймай, жауапкершілік те жүктейді. Саяхат кезінде, оның ішінде транзиттік сапарларда турист міндетті:
Заңды сақтау. Уақытша болатын елдің (жердің) қолданыстағы заңнамасын қатаң ұстану.
Мұраны қорғау. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау.
Ережелерге бағыну. Елге келу, онда болу және кету ережелерін, сондай-ақ транзит елдерінің тәртібін бұзбау.
Жеке қауіпсіздік. Саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты болу.
Туристік саладағы «Заң мен тәртіп» қағидаты – бұл екі жақты жол. Турист заңды сақтау арқылы өзін құқықтық қиындықтардан қорғайды, ал мемлекет өз кезегінде туристің құқықтарын қорғауға кепілдік береді.
Есте сақтаңыз: Басқа елдің немесе аймақтың заңдарын, мәдени ерекшеліктерін құрметтеу – сауатты туристің басты белгісі.
Заң аясында әрекет ету арқылы сіз өзіңіздің де, өзгенің де қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
#законипорядок #заңментәртіп