
Астанада 18-19 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 18 және 19 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.