Астанада инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда

Астанада инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда

Астанада инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы және Астана даму орталығының үйлестіруімен, шетелдік инвестордың көмегімен жүзеге асырып жатқан SABIS халықаралық мектебін салу және пайдалану бойынша инвестициялық жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба бойынша ағымдағы мәртебеге, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды. Талқылауға мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша туындайтын мәселелерді пысықтау және жобаны тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бағытындағы алдағы тәсілдер айқындалды.