
Бүгін елордада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өз жұмысын бастады. Бұл – елдің машина жасау саласының даму бағыттарын айқындайтын басты салалық шара. Форум барысында 20 елден келген 1500-ден астам делегат, оның ішінде үкімет, бизнес өкілдері және жетекші әлемдік өндірушілер қазіргі машина жасаудың өзекті мәселелері мен сын-тегеуріндері талқылануда.
Форумның күн тәртібінде саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын, машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бойынша практикалық аспектілер талқыланады. Өндірісті жаңғыртуда шетелдік серіктестердің рөліне, озық роботтандыру және цифрландыру технологияларын енгізуге, сондай-ақ жоғары білікті кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Пікірталастардың елеулі бөлігі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ машина жасау және автомобиль жасау сияқты машина жасаудың негізгі сегменттерін дамытуға арналған.
Машина жасаушылар форумы – бұл үкімет пен бизнес өкілдері бірлесіп, машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібінің тұтас дамуына арналған концептуалды көзқарасты қалыптастыратын басты диалог алаңы болып табылады.