Астанада  инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Астанада  инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Астанада қала әкімдігі, прокуратура, даму институттары және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Жиын Сарыарқа ауданы прокуратура бөлімінің басшысы Тархан Закариннің төрағалығымен және Астана қаласының Инвестициялар жәнекәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімовтың қатысуымен өтті.

Басты назар Сарыарқа ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларда болды. Кездесу барысында инвесторлардың өзекті мәселелері, оның ішінде инфрақұрылымға қосылу, әкімшілік рәсімдер және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Талқылауға «Астана даму орталығы» және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының өкілдері де қатысып, олардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылып жатқан жобалар қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша өтініштерге жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар жобаларды шешу жолдары айқындалды.

 

https://www.instagram.com/p/DWlXmgJjCyO/