
Наурыз мерекесі «EXPO» алаңында отбасымен келуге ыңғайлы форматта өтеді. Барлық бағдарлама балаларға да, ересектерге де қызықты болатындай етіп бір жерге жинақталған.
Балалар үшін ойындар мен шеберлік сабақтары бар арнайы аймақтар дайындалады. Ал белсенді демалысты ұнататындар қазақша күрес, асық ату, садақ ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға қатыса алады.
Көрнекі нысандардың ішінде ерекше назар аударатыны - әсерлі LED-туннель мен үлкен LED-экран. Мұнда мерекенің атмосферасы заманауи форматта көрсетіледі.
Сонымен қатар концерттік бағдарлама, дәмді тағамдар ұсынылатын фуд-аймақтар мен жәрмеңке де жұмыс істейді.
21 наурыз сағат 14:00-ден бастап
22–23 наурыз сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін
«EXPO» ХКО / Мәңгілік Ел, 53/1