«Nauryz Sale» ауқымды акциясы жалғасуда

«Nauryz Sale» ауқымды акциясы жалғасуда

Наурыз мерекесі қарсаңында Елордалық сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен ірі сауда желілерінде «Nauryz Sale» ауқымды акциясы өткізілуде.

Оның аясында қала тұрғындары мен қонақтарына әртүрлі тауарларға үлкен жеңілдіктер ұсынылуда. Кәсіпкерлер азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық химия және басқа да қажетті өнімдердің бағаларын төмендетіп, мерекеге дайындалуға қолайлы жағдайлар жасауда.

Өткізіліп жатқан акция тек сауда айналымын арттырып қана қоймай, қалада мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, тұрғындарға тиімді сауда жасауға мүмкіндік береді.

 

https://www.instagram.com/p/DWECCvMjKhE/?hl=ru