
Бүгін Наурызнаманың онкүндігі аясында Жаңару күні атап өтіледі.
Жаңару күні – табиғаттың түлеп, тіршіліктің қайта жандануымен астасатын ерекше кезең.
Осы күні қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау, ағаш отырғызу, абаттандыру сияқты игі істерге ерекше мән беріледі. Жаңару күні – әр адамды жақсылыққа ұмтылып, қоғамға пайдалы іс жасауға үндейтін маңызды күн.
Баршаңызды Жаңару күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа жаңару мен жақсылық, береке мен бірлік тілейміз!