Астанада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және отбасыны қолдау мәселелері талқыланды

Астанада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және отбасыны қолдау мәселелері талқыланды

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның биылғы алғашқы отырысы өтті.

Кездесу барысында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және саналы ата-ана болу институтын қолдау мәселелері талқыланды. Бизнестегі әйелдер санының артқаны, сондай-ақ субсидиялау, несиелерге кепілдік беру және гранттық бағдарламалар сияқты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі атап өтілді.

Қаржыландыруға қолжетімділік, әлеуметтік осал топтарды қолдау және балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Толығырақ: https://ru.elordainfo.kz/novosti-stolicy-ru/v-astane-obsudili-razvitie-zhenskogo-predprinimatelstva-i-podderzhku-semi