Ұлттық киіміміз – ұлттың айнасы

Ұлттық киіміміз – ұлттың айнасы

Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерімізді дәріптеп, олардың мәні мен маңызын ұлықтайтын ерекше мереке. Қазақтың әрбір ұлттық киімі – тарихымыздың айнасы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.

Шапан, камзол, сәукеле мен тақия – тек сәндік бұйым ғана емес, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан сыр шертетін асыл мұра. Ұлттық киім арқылы біз өз болмысымызды танытып, ұрпақтан-ұрпаққа құндылықтарымызды жеткіземіз.

Ұлттық киім күні баршаңызды төл мәдениетімізді құрметтеуге, дәстүрімізді дәріптеуге және ұлттық нақыштағы киімдерді мақтанышпен киюге шақырамыз!

 

https://www.instagram.com/p/DWA9iTJjIRn/?hl=ru