
16 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасы мен сан ғасырдан жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптейтін ерекше күн. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, ата-бабадан мирас болған дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру – бүгінгі күннің басты мәні.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері – ұлттың рухани байлығы мен бірегейлігінің айқын көрінісі. Сондықтан ұлттық мәдениетімізді құрметтеп, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Наурызнама онкүндігі баршаға береке, бірлік пен ізгілік әкелсін! Ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз мәңгі жасай берсін!