
Астана қаласында 14 және 15 наурыз күндері «Nauryz Sale» ірі азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Жәрмеңкелерде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт, шұжық өнімдері, ұн, дәнді-дақылдар, табиғи шырындар, жармалар, бал, тосап және басқа да азық-түлік тауарларын тиімді бағада сатып ала алады.
Жәрмеңкелер 14 және 15 наурыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында мына орындарда өтеді:
Жәрмеңкелерді өткізу бағаны тұрақтандыруға және елорданың тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.