
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында нәзік жанды қызметкерлерге арналған мерекелік шара өтті.
Басқарма басшысы Халел Әкімжанов әріптес аруларды көктемнің ең шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, игі тілектер айтып, олардың кәсібилігі мен еңбегі жоғары бағаланатынын, сондай-ақ әрқайсының үлесі жайлы ерекше атап өтті.
Ер азаматтар қыз-келіншектерге жылы лебіздер айтып, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық пен еңбектеріне толағай табыстар тіледі.