Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Астана қаласының даму жобаларын үйлестіру және сараптама орталығы алаңында ҚР жаңартылған Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депуты Бауыржан Касымбергебаев және Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің маманы Дильназ Байдильдина қатысты.

Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олардың қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар конституциялық реформалардың елдің демократиялық дамуына қосатын үлесі туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікірталас жүргізді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге бағытталған.