Астанада жаңа Конституция ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті

Астанада жаңа Конституция ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті

Астана қаласындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Polytech Astana» ЖШС алаңында жаңа Конституция ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты Бауыржан Қасымбергебаев пен «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Орталық аппаратының талдау және халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сұлтанбек Құдабай қатысты.

Іс-шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен олардың қоғамдағы маңызы туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Қатысушылар жаңа конституциялық нормалардың елдегі саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жаңашылдықтар туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар өзара сұрақ-жауап форматында ой бөлісіп, алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.