
Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының өкілдері Central Asia Pipes компаниясының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Экология мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы Елдос Абақанов, Гүлдарина Нұрмағанбет және басқа да мамандар қатысты.
Central Asia Pipes – өнеркәсіптік құбыр өнімдерін өндіру және жеткізу саласында жұмыс істейтін заманауи өндірістік компания. Кәсіпорын өндірістік технологияларды жетілдіруге, сапа стандарттарын сақтауға және отандық өндірісті дамытуға ерекше мән береді.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, экологиялық саясатты дамыту және кәсіпкерлікті қолдауды күшейту мәселелері түсіндірілді. Әсіресе табиғатты қорғау, өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу жайы сөз болды.
Сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық ахуалды жақсарту және өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.