
Елорданың Индустриялық паркінде орналасқан Eira Med медициналық орталығының ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты.
Eira Med – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді мақсат еткен заманауи медициналық орталық. Мекемеде диагностикалық, емдік-профилактикалық қызметтер көрсетіліп, тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек ұйымдастырылған.
Кездесуге медицина Сабит Абдраимов және Халық партиясының өкілі Сұлтанбек Құдабай қатысты.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. Конституцияға енгізілген өзгерістердің денсаулық сақтау саласын дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны атап өтілді.