
№1 индустриялық парк аумағында орналасқан «KAZPAN», «Аромат», «STAHLBAU» және «Avalon-K» кәсіпорындарының өкілдері жаңа Конституция жобасы бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.
Еңбек ұжымдары адал еңбектері арқылы ұлттық экономиканың өсіміне үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар өндірістің тұрақты дамуы мен технологиялық жаңғыру елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторлары екенін айтты.
Жаңа Конституция – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын басты құқықтық құжат. Онда адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті ынталандыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған нормалар енгізілген. Жұмысшылардың пікірінше, бұл бастамалар өндіріс саласының қарқынды дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және экономиканың орнықты өсуіне жол ашады.
Еңбек ұжымдары жаңа Конституция елдің стратегиялық дамуына және қоғамдағы бірлікті күшейтуге ықпал ететініне сенетіндерін білдіріп, Қазақстанның ілгерілеуін қолдайтындарын жеткізді.
https://www.instagram.com/p/DVXsqwkCKj3/?hl=ru