
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Rakuten халықаралық технологиялық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Астанада халықаралық спорттық және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Тараптар елорданың инвестициялық және туристік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ халықаралық байланыстарын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Астана қаласының іскерлік белсенділікті арттыруға, халықаралық ауқымдағы іс-шараларды тартуға және сыртқы бағыттарды дамытуға ықпал ететін бастамаларды қарастыруға әрқашан ашық екені атап өтілді.
https://www.instagram.com/p/DVXmElhCEz-/?hl=ru