Прошла дискуссия по ключевым положениям новой Конституции

Прошла дискуссия по ключевым положениям новой Конституции

«Жаннур» сауда үйінде жалға алушылармен жаңа Конституцияның негізгі ережелерін талқылауға арналған пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараға AMANAT партиясы саяси кеңесінің мүшесі, «Тенгри» спорт академиясының басшысы Амангүл Базарова, Respublica партиясының мүшесі Нұрлан Нұрмағанбетов және кәсіпкер қатысты.

Амангүл Базарова өз сөзінде «Конституциялық реформалар – бұл елдің болашағына жасалған маңызды қадам. Жаңа өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырады. Әрбір азамат заң талаптарын біліп, оны дұрыс пайдалана алуы қажет», – деп атап өтті.

Нұрлан Нұрмағанбетов кәсіпкерлік тұрғысынан «Заңнаманың тұрақтылығы мен айқындығы – бизнес үшін ең маңызды факторлардың бірі. Конституциялық жаңашылдықтар кәсіпкерлерге сенімділік беріп, ұзақ мерзімді жоспар құруға мүмкіндік жасайды», – деді.

Кездесу барысында жалға алушылар өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай ашық форматтағы кездесулер құқықтық сауаттылықты арттырып, қоғам мен кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайта түседі.