
Қазіргі уақытта Астана аумағында ҚР СИМ Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті» РММ жұмыс істеп жатыр. Ол ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органы және ішкі сауда және тұтынушылар құқығын қорғау саласында реттеуші, іске асырушы және бақылаушы функцияларды жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) сауда үстемеақысының асып кету фактілері бойынша шаралар қабылдау мақсатында, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері тарапынан ӘМАТ-қа 15%-дан астам бағаның жоғарылауы анықталған жағдайларда, «e-Өтініш» (eotinish.gov.kz) порталы арқылы Департаментке өтініштер жіберуді ұсынамыз.
Өтінішке растаушы материалдарды (фото немесе бейнематериалдар, кассалық чектер, сауда объектісінің мекенжайын көрсету және т.б.) қосу қажет, бұл ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеру жүргізіп, әкімшілік сипаттағы шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді.