ӘМАТТ бағалары мен жаңғырту жұмыстарына  бақылау жүргізілуде

ӘМАТТ бағалары мен жаңғырту жұмыстарына  бақылау жүргізілуде

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік комиссия негізсіз сауда үстемелерін анықтап, жолын кеседі, делдалдарды жояды және баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Комиссия мүшелері қаланың базарлары мен сауда желілерінде баға белгілеуге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Кәсіпкерлерге ӘМАТ-қа 15 пайыздық сауда үстемесінен асып кетуге жол бермеу шаралары түсіндірілді.

2025 жылы комиссияның 103 отырысы өткізіліп, оның барысында делдалдықтың және сауда үстемесін асырудың 186 фактісі анықталды. Нәтижесінде 165 әкімшілік айыппұл салынды.

Өңірлік комиссияның жұмысы жалғасуда.

 

 

https://www.instagram.com/p/DUqiw2KDM8R/?hl=ru