
Астанадағы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы»қызметкерлері жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.
Кездесуді орталықтың басқарушы директоры, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Замира Кузиева ашты. Өз сөзінде ол жаңа Конституцияның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
«Бизнес қауымдастығының өкілі ретінде жаңа Конституция жобасын еліміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары деп қабылдаймын. Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында негізгі заң тұрақтылықты, түсінікті ережелер мен болжамдылықты қамтамасыз етуі тиіс. Бұл – азаматтар үшін де, бизнес үшін де маңызды. Сонымен қатар, Конституция еңбек ету, еркін қызмет таңдау, демалыс және әлеуметтік қорғау құқықтарын күшейтіп, экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті Замира Кузиева.
Кәсіпорын №1 Индустриалық парк аумағында орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы екі гектарды құрайды. Өндірістік цехтар мен қоймалар күн сайын елдің түкпір-түкпіріне және шетелдерге өнім жөнелтеді.
Толығырақ: https://www.vechastana.kz/vazhnyj-shag-v-razvitii/