
Сарыарқа ауданында қоғамдық тамақтану саласындағы нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Іс-шараның практикалық бөлігі Okadzaki мейрамханасының базасында өтті. Профилактикалық жұмысқа мекеме ұжымы, блогер Василий Тахтай, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Сарыарқа ауданы аппаратының өкілдері қатысты.
«Қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрттердің негізгі себептері электр және газ жабдықтарының жарамсыз күйі, оларды пайдалану талаптарының бұзылуы, ас үйдегі сорғыш жүйелерді уақытылы тазаламау. Осыған байланысты кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске саламыз», деп атап өтті Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары.
Іс-шара аясында ас үй қызметкерлеріне күнделікті жұмыста еске салатын көрнекі әрі практикалық құрал ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамасы бар алжапқыштар табысталды. Жауапты бизнес қауіпсіздіктен басталады.