«Даму» базасында «Бәйтерек» Холдингінің Біріккен фронт-офисы іске қосылды

«Даму» базасында «Бәйтерек» Холдингінің Біріккен фронт-офисы іске қосылды

Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» базасында «Бәйтерек» Холдингінің Біріккен фронт-офисы іске қосылды — кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін сервис.

Бір жерде кәсіпкерлер Холдингтің ұйымдарына қатысты бағдарламалар бойынша кеңес алып, қолдау қызметтерін пайдалана алады:

  • Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» (Шағын және орта бизнесті 7 млрд теңгеге дейін қолдау құралдары)
  • Қазақстан даму банкі (Ірі жобаларды 7 млрд теңгеден жоғары қолдау құралдары)
  • Өнеркәсіпті дамыту қоры (Өңдеу өнеркәсібі мен лизинг саласын қолдау құралдары)
  • Экспорттық несие агенттігі KazakhExport (Экспорттық жобаларды қолдау құралдары)
  • Qazaqstan Investment Corporation (Private equity бағытындағы тікелей инвестициялар құралдары)

Біріккен фронт-офистер Қазақстан бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалдарының базасында жұмыс істейді.

Бастапқы консультациялар көрсетіліп, көрсетілген компаниялар атынан өтініштер қабылданады.