Жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесу

Жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесу

Астана қаласының «Гүлжан» сауда үйінің қызметкерлері мен жалға алушыларға арналған жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесуді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов жүргізді.

Ол конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, жаңа жобаның кәсіпкерлік қызмет пен азаматтық қоғамды дамытудағы рөлін атап өтті. Конституцияда заңдар мен ережелерге өзгерістер тек түсінікті әрі ашық рәсімдер арқылы ғана енгізілуі тиіс деген қағидат бекітілген. Бұл тәуекелдерді азайтып, сенімді арттырады және инвестициялық белсенділікті ынталандырады. Кәсіпкер үшін бұл — жол картасы іспетті: мемлекет қай бағытта дамып келе жатқанын, қандай құндылықтарды басшылыққа алатынын және шешім қабылдау кезінде нені негіз етуге болатынын айқын көруге мүмкіндік береді.

«Осындай жағдайда инновациялар, жауапкершілік пен адал бәсекелестік қалыпты құбылысқа айналатын орта қалыптасады», - деп атап өтті Әділ Қапсалямов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге шамамен 40 адам қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмысы өзара диалог форматында ұйымдастырылды.