Астанада жаңа «Aqmola Invest» фронт-офисы ашылды

Астанада жаңа «Aqmola Invest» фронт-офисы ашылды

Ақмола облысы әкімдігінің бастамасымен Астанада бір жыл көлемінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Aqmola Invest өңірлік фронт-офисі жұмыс істеп келеді. Бұдан былай, Aqmola Invest инвесторлармен жаңа, кең әрі жайлы ғимаратта жұмысын жалғастыратын болады.

«Мемлекет басшысының инвестициялық белсенділікті ынталандыру және Астана агломерациясының инфрақұрылымын дамыту тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар AQMOLA индустриялық аймағы құрылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың сөзінше, жалпы сомасы 2 трлн теңгені құрайтын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарда бар. Бұл жобалар елордаға да, Ақмола облысына да пайдалы болады. Жаңа офис инвесторлармен жұмысты әлдеқайда қолайлы жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді», – дейді. Сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ол Астана қаласы әкімдігіне алғысын білдірді.

Aqmola Invest инвестициялық фронт-офисі мен AQMOLA индустриялық аймағының басқарушы компаниясының бірлескен жұмысы цифрландыру жағдайында жер ресурстары мен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы деректердің отандық және шетелдік инвесторлар үшін өзекті әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді.

Aqmola Invest мамандары Ақмола облысында инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған инвесторларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді.

Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: Астана қ., Достық көшесі, 13

Телефон: +7 702 637 1496

Электрондық пошта: aqmola.invest@gmail.com

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма: 9:00 – 18:30

Үзіліс: 13:00 – 14:30