Астанада инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті  

Астанада инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті  

«Алматы» ауданы прокуратурасының бастамасымен фронт-офисте Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара барысында «Алматы» ауданы аумағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, оның ішінде инвестициялық келісімшарттар аясындағы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар қаралды. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға және оларды жедел шешу жолдарын айқындауға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және ауданның инвестициялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған одан әрі өзара іс-қимыл мен іс-әрекеттерді үйлестіру туралы келісімге келді.

 

https://www.instagram.com/p/DUh-d6ZDOGv/?hl=ru