
Бүгін халықаралық «International Community School Ltd.» мектебін іске асыруға бағытталған инвестициялық жоба аясында Басқарма басшысы Халел Әкімжановтың Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвестор Мұхаммад Әл-Шаммамен жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздерге сондай-ақ БАӘ елшілігінің өкілдері, Энергетика басқармасы, Коммуналдық шаруашылық басқармасы және басқа да салалық мамандары қатысты.
Кездесу барысында жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелері, атап айтқанда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, нысанның көлік қолжетімділігі, сондай-ақ жекелеген техникалық және реттеуші аспектілер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзекті ақпаратпен алмасып, алдағы қадамдарды айқындады және инвестициялық жобаны сүйемелдеу аясында өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісімге келді.
Жоба Астананы дамыту орталығының сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Орталық инвестор мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етіп, инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде кешенді қолдау көрсетеді.