Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам

Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам
  1. Жаңа Конституция жобасына кәсіпкерлік тұрғысынан қарасақ, елде ойын ережелері айқындалып келе жатқанын байқауға болады.

Бұл тек заң талаптары ғана емес, ашықтық, тұрақтылық және барлық тараптың жауапкершілігі туралы. Кәсіпкер үшін бұл еңбегінің бағаланатынын білдіреді. Осындай жағдайда ұзақ мерзімді жоспар құрып, инновацияға, инвестиция салуға және еңбегіңнің күтпеген кедергілерге тап болмайтынына сенім артуға болады.

 

  1. Ерекше атап өтерлігі, Конституция жобасын дайындау кезінде әртүрлі сала өкілдерінің пікірі ескерілген.

Тәжірибелі заңгерлер мен экономистер ғана емес, шағын бизнес пен стартап қауымдастығы да қатысқан. Бұл заңдардың формалды емес, нарықтағы нақты жағдайды түсіне отырып жасалғанын көрсетеді. Мұндай көзқарас кәсіпкерлікті мемлекеттің даму стратегиясының ажырамас бөлігіне айналдырады.

 

  1. Жаңа Конституцияда іскерлік ортаға тікелей әсер ететін маңызды қағидаттар бекітіледі. Олар заң алдындағы теңдік, ашықтық және келісімдердің сақталуы. Бұл шағын стартаптан бастап ірі компанияларға дейін кез келген кәсіпкер үшін сенімді тірек. Мемлекеттік институттардың әділ жұмыс істейтініне көз жеткізгенде ғана кәсіпкер өз назарын дамуға, жаңа мүмкіндіктер жасауға толық аудара алады.