
Астанада 7 және 8 ақпан күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 7-8 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.
Келушілер үшін жәрмеңкеге № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.