
Жаңа Салық кодексінің нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу мәселелері елорданың Сарыарқа ауданында өткен кездесуде талқыланды. Іс-шараға кәсіпкерлер, базарлар, сауда-ойын-сауық және сауда орталықтарының басшылары, Төтенше жағдайлар департаменті мен Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы бизнестің күнделікті қызметіне тікелей әсер ететін маңызды мәселелерді түсіндіруге бағытталды.
Талқылауға Сарыарқа ауданындағы 7 базардың өкілдері және 20-дан астам сауда-ойын-сауық пен сауда орталығының өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлер заңнама талаптары бойынша өзекті ақпарат алып, практикалық түсіндірмелерге қол жеткізді, сондай-ақ сала мамандарына тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.
«Біз үшін заң талаптарын жай ғана жеткізу емес, бизнеспен түсінікті әрі ашық диалог орнату маңызды. Мұндай кездесулер мәселелерді алдын ала шешуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кәсіпкерлердің өз міндеттерін нақты түсінуіне, мемлекет тарапынан қолдауды сезінуіне жағдай жасайды», – деді Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әділ Жанкин.
https://www.instagram.com/p/DUFy61dDClS/?hl=ru