CRC жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс кездесуі

CRC жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс кездесуі

Өткен жылдың 20 желтоқсанында Жапонияның Токио қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Central Asia + Japan Business Forum Халықаралық іскерлік форумы өткен болатын. Оның аясында Қазақстанда Komatsu Component Rebuild Center (CRC) инвестициялық жобасын кеңейту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Форум қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Комек Машинери Қазақстан» ЖШС арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында жобаға жалпы көлемі 20 млн АҚШ долларынан асатын инвестиция тартып, қосымша жұмыс орындарын құруды көздейді.

Меморандумды іске асыру шеңберінде 27 қаңтарда CRC жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Талқылауға қала прокурорының көмекшісі Сергей Смолин, Астана даму орталығының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Иксан Молдабаев, сондай-ақ Komatsu техникасының ресми дистрибьюторы - «Комек Машинери Қазақстан» ЖШС өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, мемлекеттік сараптамадан өту барысы және оны іске асырудың алдағы қадамдары қаралды.

Аталған жобаны іске асыру Елорданың өнеркәсіптік және сервистік инфрақұрылымын дамытуға, жергіліктендіру деңгейін арттыруға және Қазақстан мен Жапония арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.