
Астана қаласындағы индустриялық парк аумағында орналасқан «Штадлер Қазақстан» ЖШС-нің өндірістік алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға Сүйіндік Алдашев бастаған Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жанібек Тайжанов және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев қатысты.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ( «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ еншілес компаниясы) үшін арналған жолаушылар вагондарын өндірудің толық циклімен танысу барысында қатысушылар кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерімен қолданылып жатқан инженерлік шешімдер туралы ақпарат алды.
Жылжымалы құрам Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайларына бейімделіп жобаланған және ұзақ уақыт пайдалануға арналған. Жолаушылар вагондары электржелісі бар немесе электр желісі жоқ теміржол учаскелерінде жүре алады. Вагондар сыйымдылығының жоғары болуымен және жолаушыларға жол бойы жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайтын қолайлы жабдықтарымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, 2026 жылы Астана – Алматы бағыты бойынша кәсіпорында өндірілген 91 жолаушылар вагонын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, келісім шартқа сәйкес компания 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізіп, оларды кейін сервистік қызметпен қамтамасыз етеді. Бұған дейін 51 жолаушылар вагоны өндірілген.
Дереккөз:https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1148978?lang=kk