Астанада базар кәсіпкерлерімен салық заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Астанада базар кәсіпкерлерімен салық заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 26 қаңтар күні «AutoMart» сауда үйінде базар кәсіпкерлерімен салық заңнамасындағы өзгерістер мен міндетті зейнетақы жарналары мәселелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Іс-шараны Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) және Сарайшық ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Айдын Мыңбаев салық реформасының негізгі ережелері туралы, соның ішінде 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация және бөлшек салық режимдерінің сақталатыны, алайда оларды қолдану тәртібі жаңартылатыны жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ ол оңайлатылған декларацияның артықшылықтарын — ИПН мөлшерлемесінің төмендігі, ҚҚС-тың болмауы, жылдық айналымның жоғары шегі және есептіліктің аздығы — жан-жақты түсіндірді.

 

Астана қаласы бойынша БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Мурат Курмангалинов БЖЗҚ-дан төлемдер бойынша салықтық шегерімдердегі өзгерістер, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау құқығы, сондай-ақ онлайн-сервистер бойынша кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

 

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

 

Кездесудің мақсаты — кәсіпкерлердің салық және зейнетақы жүйесіне қатысты заңнамалық талаптар туралы хабардарлығын арттыру.