
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), сондай-ақ Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен бірлесіп «Көктал» сауда орталығында кәсіпкерлері мен сауда нысандарының әкімшіліктерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді, міндетті зейнетақы жарналарына қатысты мәселелерді түсіндіру және кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беру.
Іс-шара барысында Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Жібек Сейілхан кәсіпкерлік қызметке әсер ететін салық реформасының негізгі ережелері мен өзгерістері туралы баяндады.
Атап айтқанда, жеңілдетілген салық режимін қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимін қолданудың табыс шегі түсіндірілді. 2026 жылдан бастап Қазақстанда арнайы салық режимдерінің (АСР) үш түрі қолданылады:
Бұл арнаулы салық режимі патент негізіндегі жұмысты және «E-Salyq» мобильді қосымшасы арқылы қолданылған бұрынғы АСР-ды алмастырды. Режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ табыс табуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар танылады. Бұл ретте олардың қызмет түрі рұқсат етілген қызметтер тізіміне енгізілуі тиіс. Айлық табыстың шекті мөлшері – 300 АЕК (1 297 500 теңге); Салық мөлшерлемесі – 4%, ол тек әлеуметтік төлемдерді қамтиды; Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық төленбейді; Салық мобильді қосымша арқылы төленеді; Салық кезеңі – бір ай; Салық есептілігін тапсыру талап етілмейді.
Бұл режим бұрынғы оңайлатылған салық салу жүйесі мен бөлшек салықтың орнын басты. Жылдық табыстың шекті мөлшері – 600 000 АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге); Жеке табыс салығы / корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі – 4%; Жергілікті атқарушы органдар бұл мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендетуі немесе арттыруы мүмкін; Әлеуметтік салық төленбейді; Қызметкерлерді жалдауға рұқсат етіледі, олардың саны шектелмейді; Тек тыйым салынған тізімге кірмейтін қызмет түрлерімен айналысуға болады.
Астана қаласы бойынша БЖЗҚ-ның көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Мурат Курмангалинов зейнетақы жүйесіне қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді. Ол міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндеттері, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерге байланысты салықтық өзгерістер, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау мүмкіндігі, зейнетақы қорынан аударымдар және онлайн-қызметтер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс екені және бұл талаптың заңмен бекітілгені түсіндірілді.