
Universal Tech Decisions (UTD) – қалалық мобильділік саласында жұмыс істейтін ғылыми-технологиялық компания. Ол көлік қозғалысын модельдеу, талдау және қала көлігіне арналған практикалық шешімдер әзірлеумен айналысады. UTD Назарбаев Университеті технопаркінің резиденті және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы.
Компанияның қызметі деректерге, цифрлық модельдерге және көлік жоспарлаудың Халықаралық стандарттарына негізделген. UTD қалалардағы көлік қозғалысын жақсартуға бағытталған заманауи шешімдерді әзірлеп, оларды тәжірибеде қолданады.
UTD Қазақстанның 10 қаласында 50-ден астам зерттеу жүргізді. Осы жобалар аясында 1 000 километрден астам жол зерттеліп, 10 мыңнан аса қиылыс пен көлік тораптары талданды. Нәтижесінде бірқатар қалаларда жолдардың өткізу қабілеті 20–40 пайызға артты, ал қарбалас уақыттарында қозғалыс кептелістері айтарлықтай азайды.
Компания көлік ағындарының цифрлық модельдерін жасап, жол желісінің қазіргі жағдайын бағалауға және болашақтағы өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді. Бұл үшін испаниялық Aimsun, германиялық PTV бағдарламалары және UTD-ның өзіне тиесілі аналитикалық әзірлемелері қолданылады.
UTD әзірлеген шешімдер мемлекеттік органдар, жобалау ұйымдары және жеке девелоперлер тарапынан көлік стратегияларын жоспарлау және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде кеңінен пайдаланылады.
#Астана #ЖасандыИнтеллектЖылы
#ЦифрландыруЖылы #DigitalKazakhstan #AIinKZ