
«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция және өртке қарсы қызметкерлерімен бірлесіп, салынып жатқан нысандардағы еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ күн сайын көптеген жұмысшылар мен келушілер келетін базарлар мен сауда үйлерінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер барысында құқықтық сананы арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді.
Еңбек құқықтарын сақтау, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау мәселелеріне, сондай-ақ заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыс қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және нығайтуға, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді. Оның ерекшелігі — құқықтық ақпараттандырудағы проактивті, ашық және адамға бағытталған тәсіл.
Осындай іс-шараларды өткізу әлеуметтік және құқықтық сипаттағы өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беріп, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.