
Astana Invest Байқаушы кеңесінің отырысы өтті, онда 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі басымдықтар айқындалды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана ел өңірлері арасында экономикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы болды. Елорда экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, нақты өсім 21,3 пайызды құрады.
Бұл көрсеткіштер қалада қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру және бизнесті қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Арнайы экономикалық аймақтар мен инвестициялық келісімшарттарға деген тұрақты қызығушылық сақталуда. №1 Индустриялық паркінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,8 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті. Алдағы жылы 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін жобаларды іске қосу жоспарлануда.
2026 жылы өңдеу өнеркәсібі мен логистиканы дамытуға, оның ішінде жаңа Индустриялық парк пен заманауи Логистикалық паркті салуға, инвесторларды сүйемелдеуді күшейтуге және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
https://www.instagram.com/p/DTjnMwLiAu5/?hl=ru