Есіл ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілді

Есіл ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілді

Елорда әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Есіл ауданындағы қоғамдық тамақтану нысандарының өкілдерімен түсіндіру кездесуін өткізді. Мамандар кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертті.

Негізгі мақсат – қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және өрттің алдын алу шараларын сақтау.

«Біз 15 шағын бизнес нысанын аралауды жоспарлап отырмыз. Жұмысты өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ТЖД өкілдерімен бірлесіп жүргізіп келеміз. Есіл ауданында шамамен 30 қоғамдық тамақтану нысанына барып шықтық», — деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов.

Мұндай түсіндіру жұмысы қала бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.