Елордада кәсіпкер әйелдердің үлесі артып келеді

Елордада кәсіпкер әйелдердің үлесі артып келеді

Астанада әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп жатыр. Қазіргі таңда елордада 272 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп, онда 541 мың адам еңбек етеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ШОБ-тың 53,9 пайызы немесе 109,2 мыңы әйелдер басқаратын кәсіпорындар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға артық. Әйел кәсіпкерлерге 12,3 пайызға дейінгі жеңілдетілген несиелер, «Даму» қоры арқылы 85 пайызға дейін кепілдендіру және 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар қарастырылған.

          Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін пайыздық мөлшерлеме 11,3 пайызға дейін төмендетіліп, елде алғашқы Social Innovation Hub ашылуда. Бұл бастамалар әйелдердің бизнеске келуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қала экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етеді.

 

https://www.instagram.com/p/DSr23_GiKXa/?hl=ru