
Елордамыздың туризм саласы экономиканың жаңа қозғаушы күші ретінде қарқынды дамуда. Биылғы жылы тоғыз айдың ішінде Астанаға миллионнан астам турист келді, оның 300 мыңға жуығы – шетелдік қонақтар.
Астана туристік әлеуетін арттыруды жалғастыруда. Іскерлік және оқиғалық туризмнің орталығы ретінде Астананың беделі нығаюда. Биыл мұнда үш ірі шара өтті: Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттері және Comic Con Astana фестивалі. Бұл шараларға мыңдаған турист, соның ішінде шетелдік қонақтар қатысып, қала экономикасына айтарлықтай әсер етті.
Толығырақ 24KZ телеарнасының сюжетінде: https://24.kz/ru/news/social/743457-astana-ukreplyaet-status-tsentra-sobytijnogo-turizma