
Бүгін №1 Индустриялық парк аумағындағы «Modex Astana» зауытында Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері үшін кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті.
Іс-шара аясында студенттер зауыттың заманауи өндіріс технологияларымен және жұмыс процестерімен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтар қоя алды.
Экскурсия мақсаты - студенттерде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және олардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Жас мамандарға кәсіпорынның жұмыс тәртібі, қауіпсіздік талаптары және сапа стандарттары да түсіндірілді.
Сондай-ақ студенттерге ақылы өндірістік стажировкадан өту мүмкіндігі ұсынылды. Ал өздерін жақсы көрсете білген жас мамандар кейін осы зауытта жұмысқа тұру мүмкіндігін алады.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан жастардың еңбек мамандықтары мен техникалық білімге қызығушылығын арттырудың маңыздылығын көрсетеді.