ӘМАТТ бағалары мен жаңғырту жұмыстарына  бақылау жүргізілуде

ӘМАТТ бағалары мен жаңғырту жұмыстарына  бақылау жүргізілуде

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ҚР СИМ Сауда комитетімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТТ) бағаларын бағамдау және жаңғырту барысын бақылау үшін елорданың сауда базарларын аралады.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге жаңғыртудың негізгі талаптары түсіндірілді. Оның ішінде келесі бағыттар бойынша белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау тапсырылды: автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру және кеңейту, санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтау, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, онлайн-төлемді және цифрлық сервистерді енгізу.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін 15%-дан асырмау қажеттілігі еске салынды.

 

https://www.instagram.com/p/DR_d6V9jBnX/